Алматыдағы әлем кубогі: қазақстандық спортшы күміс жүлдегер атанды

Алматыдағы әлем кубогі: қазақстандық спортшы күміс жүлдегер атанды
Сурет: Olympic.kz

Фристайл-могулдан Қазақстан командасының үздігі Павел Колмаков Алматыдағы әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды.

Жартылай финалда Колмаков финляндиялық Сивери Виерелладан басым түсті. Ал ақтық сында танымал спортшы, канадалық Микаэль Кингсберимен кездескен болатын.

Үлкен финалда Колмаков Кингсбериге есе жіберіп, өз жерімізде өткен әлемдік доданың күміс жүлдесіне иелік етті.