Алматыда «Жомарт жүрек – 2022» байқауының лауреаттары анықталды

Алматыда «Жомарт жүрек – 2022» байқауының лауреаттары анықталды
Сурет: Almaty.tv

Жеңімпаздар 5 номинация бойынша марапатталды.

Алматыда «Жомарт жүрек – 2022» байқауының лауреаттары анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Байқауға қаладағы білім, спорт, мәдениет секілді түрлі салада қайырымдылықпен көзге түсіп жүрген жандар қатысып, 5 номинация бойынша марапатталды. Атап өтсек,  Мустафа Озел «Жыл тұлғасы» атанса, «Жыл меценаты» Арай Төлемісоваға бұйырды. «Туған өлке» номинациясын Ғабит Маматраимов иеленсе, «Жетісу күші» қайырымдылық қоры «Жылдың үздік қамқоршысы» атанды. 

«Біздің қор қайырымдылық акцияларына белсене қатысады. Осыған дейін есте қалғаны шетелге жарысқа баруға мүмкіндігі жоқ спортшыларға қолдау білдірдік. Олар сенімді ақтап, Польшада өткен халықаралық жарыста жүлделі орынға ілікті. Мұндай қолдауды алдағы уақытта да жан-жақты көрсетуге дайынбыз», – деді байқау жеңімпазы Елена Биличенка.