Алматыда жоғалып кеткен қыздың денесі өзен бойынан табылды

Алматыда жоғалып кеткен қыздың денесі өзен бойынан табылды
Сурет: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды

Алматыда екі күн бұрын жоғалып кеткен Виктория Солдатованың денесі таудағы өзен бойынан табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 18 қыркүйек күні Әуезов аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан 1988 жылы туған әпкесі В.В.Солдатованың жоғалып кеткендігі туралы арыз түскен.

«Арызданушының айтуынша, 17 қыркүйек күні сағат 10:00 шамасында В.В.Солдатова үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Сонымен қатар, сіңілісінің сөзінше, әпкесі өзінің жігітіне тауға баратынын айтқан, сәлден соң жігітке өзін өрмекші шағып алғаны туралы жазған»,- деп хабарлады ведомстводан.

Іздестіру іс-шаралары барысында таулы аймақта өзен бойынан В.В.Солдатованың денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

«Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында»,- деп атап өтті полициядан.

Алматы полициясы жалған ақпарат таратпауға шақырады және ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес жауапкершілік туралы ескертеді.