Gakku Дауысы концертінің көрермендері 94 мыңға жуық гүлді жойған

Gakku Дауысы концертінің көрермендері 94 мыңға жуық гүлді жойған
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

«Астана» алаңында Gakku Dauysy 2022 фестивалі кезінде көрермендер іргелес аумақтағы жасыл желектерге айтарлықтай зиян келтірген деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Экология және қоршаған орта басқармасының бағалауы бойынша, шығын сомасы 13 млн теңгеден асты – бір жылдық, көп жылдық бұталар мен гүлдер, оның ішінде қаланың жақын маңдағы гүлзарындағы раушандар жойылды. Барлығы 94 мыңға жуық гүл  тапталып кеткен.

- 913 шаршы метр біржылдық өсімдіктер,

- 326 шаршы метр көпжылдық өсімдіктер,

- 117 шаршы метр раушан гүлдер.

Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит урнасы мен екі камераның негізі қираған.

Сондықтан Алматы қаласының әкімдігі еліміздің мәдени орталығы болып табылатын мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан жасыл желектерге және гүлдерге ұқыпты қарауды, сондай-ақ қаланы абаттандыру мен көгалдандырумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін құрметтеуді сұрайды. Келтірілген залал қала әкімдігінің күшімен қалпына келтіріледі-жаңа өсімдіктер қысқа мерзімде отырғызылады.

Күн сайын қала аумағын суару мен көгалдандыру жұмыстарына 300-ге жуық маман мен 80-нен аса арнайы техника жұмылдырылады.

Ағымдағы жылы декративті көгалдандырудың жалпы аумағы 159 мың шаршы метрді құрайды, ал газон аумағы - 26 мың шаршы метр.