Алматыда жеті айлық балаға күрделі ота жасалды

Алматыда   жеті айлық балаға күрделі ота жасалды
almaty-akshamy.kz

Алматыда эпилепсия диагнозы қойылған жеті айлық балаға операция №2 ауруханада неміс хирургі Ульрих Томаленің қатысуымен жасалды. Бұл – отандық медицинадағы жоғары нәтиже.

Анасы баласының денсаулығындағы кінәрат туғаннан бар екенін байқаған. Басында  дәрігерлер "мұндай жағдай барлығында болады" деп сабырға шақырған көрінеді. Анасының айтуынша, баланың бір күнде 50 рет ұстамасы ұстаған кездері болыпты.

"Бұл 7 айға жалғасты. Сәбидің мұндай халін көру ауыр. Сондықтан өзімді қолға алып, оған ота жасатуға бел будым. Дәрігерлер алып кетіп бара жатқанда да қорқып, қасында отыруды сұрадым. Жансақтау бөлімінен шығарғанда, көз ілмей қарап отырдым. Қазір денсаулығы жақсы", – деді баланың анасы Әйгерім Егеубай.

№2 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирург дәрігері Азамат Жайылғанов жеті айлық нәресте ота жасаған ең жас науқасы екенін айтты.

"Шетелдік білікті дәрігердің шеберлік сағатынан кейін ауруханада 4 адамға операция жасалды. Барлығы сәтті аяқталды. Ем-домнан кейін олардан эпилепсиядан болатын ұстама анықталмады", – дейді дәрігер.