Төрт жұмысшы қазасына байланысты тергеу басталды

Төрт жұмысшы қазасына байланысты тергеу басталды almaty-akshamy.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа кешенінде мерт болған төрт жұмысшы газдан улануы мүмкін. Сараптамалар тағайындалды.


СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыз күнгі сағат 23:25-те СҚО Тайынша ауданының полиция бөліміне Новоивановка ауылында орналасқан шошқа өсіру кешеніндегі жұмыс орнынан ауысым аяқталған соң төрт жұмысшы шықпағандығы туралы хабар түскен.



Іздестіру шаралары барысында олардың денелері осы кешендегі кәріз құдығының түбінен табылды. Алдын ала анықталғандай, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған. Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.



Аталған факті «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.


Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12