Алматыда жеңіл көлікті тіркеме басып қалды

Алматыда жеңіл көлікті тіркеме басып қалды
Сурет: интернеттен

Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

Алматыда 2023 жылдың 25 желтоқсанында Рысқұлов даңғылында ерекше жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Оқиға 2023 жылдың 25 желтоқсаны күні таңертең Рысқұлова даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында болды. Жүк көлігінен ұшып кеткен тіркеме екі жеңіл көлікпен соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ. Бұл факті бойынша Алатау облысының полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр", делінген Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.