Алматыда жасыл желектерге қатысты жаңа ереже қабылданады

Алматыда жасыл желектерге қатысты жаңа ереже қабылданады
Сурет- sputnik.kz алынды

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Алматыға «Бақша (саябақ) қала» мәртебесін қайтару туралы тапсырмаңызды орындау аясында соңғы 11 айда мың ағаш отырғызылып, 5 жаңа парк аймағы жасалды. 2023 жылға 320 мың ағаш отырғызу, 8 паркті реконструкциялау және салу, 13 қоғамдық кеңістікті жобалау көзделген..

Осы ретте Алматыда жасыл аймақтардың 30%-ы суару жүйесімен қамтылған, бұл жаңа егілген көшеттердің тамыр алып өсуіне ықпал етеді. Ол үшін келесі жылдан бастап суару желілері жүргізілгеннен кейін ағаш отырғызатын жаңа тәсіл қолданылады. Сондай-ақ, 2023 жылдың І тоқсанында алғаш рет Жасыл желектерді отырғызу және күту ережелері қабылданады.

"Алматылықтарды алаңдататын мәселе – ауаның сапасы. Экологиялық мониторинг жүргізу және ауаны ластаушы көздерді анықтау үшін 2023 жылы қосымша 500 құрылғы (1 млрд. теңге) орнатылады. Биыл 25 қарашада 2-ші жылу электр орталығын жаңарту үшін Еуропа қайта құру және даму банкімен кредиттік келісімге қол қойылды. Осы жылу электр орталығын газға ауыстыру ауаға шығатын зиянды заттарды барынша азайтады деп үміттенеміз", - деді қала әкімі