Алматыда жасыл желектерге биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде

Алматыда жасыл желектерге биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде
Сурет: Baigenews.kz

Мұндай жұмыстар ауру мен зиянкестерден қорғау мақсатында жүргізіледі.

Алматыда шілденің 19-нан 20-сына қараған түні ауру мен зиянкестерден қорғау мақсатында жасыл желектерге биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық экология басқармасының мәліметінше, Әуезов ауданының Қойшыманов көшесінде (Шаляпин-Саин көшелері арасы), Береговая көшесінде (Жандосов- Шаляпин көшелері арасы), Саин және Абай көшелері, Райымбек және Момышұлы көшелері қиылысындағы жолайрық бойында, «Таугүл-1» ықшам ауданындағы ботаникалық бақта биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

«Жұмыс барысында Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат етілген «Green Gold» сертификатталған биологиялық препараты қолданылды. Бұл препарат зиянкестердің санын нақты бақылауды, сондай-ақ ұзақ мерзімді қорғауды және жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді»,- деп хабарлады басқармада.