Алматыда жаңа технология бойынша жолдар салынуда

Алматыда жаңа технология бойынша жолдар салынуда
Сурет: ашық дереккөз

 Жол инфрақұрылымының негізгі проблемалары жол төсемінің сапасы және жол люктерінің төмендеуі түріндегі ақаулар болып қала береді.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Аталған проблемаларды шешу үшін бұрын, 2022 жылы пилоттық режимде жолдардың сапасын арттыру  мақсатында асфальтбетонға полимерлі қоспалар түріндегі жаңа материалдар пайдаланылды. Олар жүктемелерге және климаттық жағдайларға төзімді.

«Биыл біз қаланың 6 шағын ауданында 25 шақырым жаңа жол салуды және 200 шақырымға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Осы жұмыстар аясында механикалық және температуралық жүктемелерге төтеп беретін 8 мың " серпілісті" люк орнатылады», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Жаңа технологияларды қолдана отырып, жол инфрақұрылымын жаңғырту орташа жөндеу жүргізу мерзімін 5 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.