Алматыда үсік жүреді

Алматыда үсік жүреді
Сурет: Vtomske.ru

Түнге қарай топырақ тоңазып, күн суытады.

Синоптиктер Алматы қаласына арналған 2023 жылғы 4-6 мамырдағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

4 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 10-12 градус жылы.

5 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус, күндіз 12-14 градус жылы.

6 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 16-18 градус жылы.