Алматыда ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиын өтті

Алматыда ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиын өтті
Сурет: ҚФФ

19-маусым күні біздің құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды.

Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда түгелдей жиналып, Орталық стадионда алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Сан-Марино және Солтүстік Ирландия құрамаларымен ойнайды.

Мәскеудің ЦСКА командасында ойнайтын Бақтиер Зайнутдинов ғана Ресей кубогының финалынан кейін қатарға қосылады.

Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді. 16 маусым күні Магомед Адиев командасы Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі. Ойын "Эннио Тардини" стадионында елорда уақытымен 00:45-те басталады.

Ал 19-маусым күні біздің құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 00:45-ке жоспарланған. Матч Белфаст қаласы, "Уиндзор Парк" стадионында өтеді.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев маусым айында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын соңғы құрамды жариялады. Сонымен, Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы матчтарда ұлттық құрама сапында келесі ойыншылар өнер көрсетеді:

Қақпашылар: Шацкий, Устименко, Шайзада;

Қорғаушылар: Малый, Марочкин, Әліп, Бейсебеков, Ерланов, Быстров, Габышев, Досмағамбетов, Вороговский, Скворцов, Қасым, Тапалов;

Жартылай қорғаушылар: Қуат, Дарабаев, Тағыберген, Астанов, Самородов, Зайнутдинов, Оразов, Кеңесов;

Шабуылшылар: Прокопенко, Айымбетов, Шушеначев, Швырёв.