Алматыда «Үкілі домбыра» атты күйшілер байқауы өтеді

Алматыда «Үкілі домбыра»  атты күйшілер байқауы өтеді
Сурет: Baq.kz

Байқау 6 шілде күні басталады. 

Алматы облысында 6 шілдеде республикалық «Үкілі домбыра» атты жас күйшілер байқауы өтеді, деп хабарлады Almaty-akshmy.kz. Turkystan.kz cілтеме жасап. 

Аталған байқауды ішкі саясат басқармасы, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастырып отыр.

Шараның басты мақсаты –  қазақ халқының ұлттық өнерін ұлықтап, мәдени дәстүрін насихаттау, күй жанрының дамуына серпін берумен қатар, жас домбырашылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіру арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.

Байқау 2022 жылдың 6 шілдесінде сағат 10.00-де басталады.