Алматыда велосипед пен мотоцикл соғылып, екі адам опат болды

Алматыда велосипед пен мотоцикл соғылып, екі адам опат болды
Сурет: Inform.kz

Қайғылы жағдай Алматыда түнде Медеуге апарар жолда орын алды. 

Мотоцикл мен велосипед соқтығысып, екі адам қаза тапты. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы түнгі сағат бір шамасында Медеу ауданында болды.

«Мотоцикл мен велосипедтің соқтығысуы салдарынан екі көліктің де жүргізушісі қаза тапты. Аталған факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сараптамалар тағайындалды», - деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.