Алматыда велосипед бағдаршамдары орнатылады

Алматыда велосипед бағдаршамдары орнатылады
Cурет: Ашық дереккөз

3 843 дана жол белгісі қойылады

Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. 

Жоспар: 

– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 30 бағдаршамның құрылысын аяқтау; 

– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 70 бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау; 

– Алматы қаласында реттеудің қосымша құралдары бар 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;

 – 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу жоспарлануда;

 – 3 843 дана жол белгілерін орнату және қалпына келтіру. 

– апаттық-қауіпті аймақтарда 5 мыңнан астам метрден жол қоршауын орнату;

– арнайы бағандарды орнату – 2 мың дана; 

– веложолақтармен (веложолдармен), велосипед бағдаршамдарымен 65 бағдаршамды толық жабдықтау.