Алматыда туристерге киіз үй тәрізді печенье сыйға тартылды

Алматыда туристерге киіз үй тәрізді печенье сыйға тартылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Наурыз мейрамы ұлттық мерекесін тойлау аясында Алматы қаласының Туризм басқармасы Алматы халықаралық әуежайымен, Алматы "Жетісу" кеден бекеті ҚР ҰҚҚ шекара қызметін бақылау басқармасымен бірлесіп "Сыйлыққа тәтті кәдесый" акциясын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Акция аясында халықаралық жолаушылар терминалындағы төлқұжатты бақылау және кедендік бекетке келген әрбір туристке еліміздің жайлылығы мен қонақжайлылығын бейнелейтін печенье және шоколад түріндегі ерекше тәтті сыйлық берілді. 

Қазақ киіз үй түріндегі печенье - қазақ халқының дәстүрлі өмір салтын бейнелейді. Бұл Қазақстанның бай мәдени мұрасын еске салады. 

"Бұл науқан біздің мәдениет пен дәстүрлерге назар аудару бағытындағы маңызды қадам. Біз жыл сайын еліміздің мәдени мұрасының маңыздылығын атап өту үшін осындай акцияларды өткізуге тырысамыз.

Мұндай оқиғалар қонақтарымыздың көңілін көтерумен қатар, тарихымыз бен мәдениетімізді түсінуге және құрметтеуге септігін тигізеді", - деді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.

Іс-шараның басты мақсаты - туристерді тарту, туристтерді қабылдау тәжірибесін жетілдіру, елдің тарихи және мәдени мұрасымен таныстыру.