Мемлекет басшысының атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр
Президенттің атына Наурыз мейрамына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтаулар келуде, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаев пен қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.
– Мен қазақ-қытай байланыстарын дамытуға баса мән беремін. Екі ел арасындағы дәстүрлі достықты нығайтуға негізделген өзара тиімді және жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту үшін Сізбен күш-жігер біріктіруге дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.
АҚШ Президенті Джозеф Байден өз құттықтауында елдеріміздің климаттық дағдарыс, энергетикалық қауіпсіздік және экология мәселелерін шешу ісіндегі соңғы жылдары қол жеткізген табыстарын мақтан тұтатынын атап өткен.
– Бұл ынтымақтастық ұрпақ болашағын жарқын етуге септігін тигізеді. Үміт пен жаңарудың нышаны болып саналатын Наурызда елдеріміздің арасындағы серіктестік пен халықтарымыздың достығы одан әрі нығая беретініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған өз құттықтауында Наурыздың жақсылық пен молшылықтың мейрамы екеніне назар аударған.
– Ортақ мәдениетіміздің маңызды бөлігі саналатын осы айтулы күнде достық пен бауырластық байланыстарымыз одан әрі нығая түсеріне сенім білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиëев өз құттықтауында бауырлас халықтар бұл мейрамды мыңдаған жылдан бері салтанатты түрде әрі кең көлемде тойлап келе жатқанын айтты.
– Өзара сенімге, құрмет пен ортақ мүддеге негізделген бауырлас және көршілес екі ел арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығайып, қарқынды түрде дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров өзінің құттықтау жеделхатында көнеден келе жатқан Наурыз мейрамы қырғыз бен қазақ халықтарының тарихы мен құндылықтарының ортақ екенін білдіретінін атап өткен.
– Алдағы уақытта жүзеге асырылатын екіжақты іс-шаралардың нәтижелері елдеріміз арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейде екенін нақтылап, қырғыз-қазақ ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон құттықтау жеделхатында мыңдаған жылдан бері адамзатқа жол сілтеп келе жатқан берекелі Наурыздың көне ғұрыптары мен бай рухани тағылымы қазір де адамдарға шаттық сыйлайтынын айтқан.
– Наурыз мерекесінің игі дәстүрлері елдеріміз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ өзара ықпалдастығымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық аясында одан әрі кеңейе беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
– Наурыздың баршаға мәлім дәстүрлері мен мәдени әдет-ғұрпы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті дәріптейді. Бұл құндылықтар қазіргі кезеңде ең өзекті мәселе саналады және халықтарымыз арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтуға ықпал етеді, – деп жазылған жеделхатта.
– Жуырда Әзербайжанға жасаған мемлекеттік сапарыңызды, шынайы және өзара сенім жағдайында өткен кездесуімізді, екіжақты қарым-қатынастардың барлық саласы мен ынтымақтастығымыздың перспективасы бойынша жүргізген жан-жақты келіссөздерімізді зор ризашылықпен еске аламын. Алдағы уақытта да Әзербайжан мен Қазақстанның достығын, бауырластығын одан әрі нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмсайтынымызға сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
– Күн мен түн теңеліп, табиғаттың жаңғыруымен адамдардың бойында ізгі қасиеттер қалыптасады. Осы арқылы адамзат жат қылықтан арылып, қоғамымыз кемелдене түседі, – делінген жеделхатта.