Алматыда Тілендиев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматыда Тілендиев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
Сурет: ашық дереккөз

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес, орташа жөндеу жоспарына Тілендиев көшесінің Сәтбаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі ұзындығы 1,7 км. шақырым учаскесі енгізілді.

Бүгінгі күні Сәтбаев көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі учаскелерде жұмыстар аяқталып, көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

8 қыркүйек сағ.23:00-ден 9 қыркүйек 06:00-ге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тілендиев көшесінің бойымен Қарасай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жабық учаскені Өтеген батыр к-сі, Абай д-ы, Брусиловский к-сі, Төле би к-сі және іргелес көшелер арқылы айналып өтуге болады. 

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Almaty_Joly, (https://t.me/AlmatyJoly) телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшасында қолжетімді.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. 

Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.