Алматыда телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Алматыда  телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады
Сурет: Uzlidep.uz

Себебі, Алматы қаласының кейбір радиотелевизиялық станцияларында аналогты эфирлік телехабар тарату жабдығын бұзып-бөлшектеу жұмыстары басталады.

Бұл туралы Almaty-akshamy.kz  kazteleradio.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2021 жылғы маусымда Алматы қаласы мен облысының станцияларындағы жұмыстарды айына 5 күннен асырмай жүргізу жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстарының кестесі төмендегідей:

«Алматы» РТС

Жұмыстар жүргізілетін күн:

07.06.2021 ж. – 11.06.2021 ж.

12.07.2021 ж. – 16.07.2021 ж.

09.08.2021 ж. – 13.08.2021 ж.

Жұмыстар жүргізілетін уақыт:

Сағат 09:00 – 17:00 аралығы.

«Үлкен Шаған» РТС (Алматы облысы)


Жұмыстар жүргізілетін күн:

21.06.2021 ж. – 25.06.2021 ж.

Жұмыстар жүргізілетін уақыт::

Сағат 09:00 – 17:00 аралығы.