Алматыда техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында 400-ден астам бұзушылық анықталды

Алматыда техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында 400-ден астам бұзушылық анықталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Барлығы 500 тексеру жүргізілді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің есеп беру брифингіне Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Сауықбек Қапаев қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ол 2022 жылға арналған негізгі іс-шаралардың қорытындысын жариялады.

Департаменттің басты міндеттерінің бірі: мемлекеттік саясатты іске асыру және техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау саласында өлшем бірлігін қамтамасыз ету және аккредиттеу салаларында, сондай-ақ асыл тастарды, зергерлік бұйымдарды және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған басқа да бұйымдарды сату кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылатынын атап өткен жөн.

2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) барлығы 500 тексеру жүргізді, оның ішінде 39 – субъектіге (объектіге) барумен профилактикалық бақылау және қадағалау, 415 – субъектіге (объектіге) бармай-ақ профилактикалық бақылау және қадағалау, 46 – жоспардан тыс тексерулер.

Жүргізілген 427 тексеруде Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталды, бұл жүргізілген тексерулердің жалпы санының 85%  құрады

«Профилактикалық бақылау жүргізу барысында өнімді өткізу сатысында техникалық реттеу саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, кейбір кәсіпкерлік субъектілері техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді (лак-бояу материалдары, ТНП, өнеркәсіптік тауарлар, автокөлік құралдары, мұнай өнімдері, Мотор майлары, мобильді құрылғылар және т.б.) сатуды жүргізді. Негізгі және жиі кездесетін бұзушылықтар: өнімді таңбалау жөніндегі талаптарды сақтамау бөлігінде, мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттың болмауы, ЕАС белгісінің болмауы, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз (сәйкестік сертификаттары, сәйкестік туралы декларациялар) сәйкестікті растауға жататын өнімдерді өткізу болып табылады. (Сулпак сауда үйі «Арена S» ЖШС, Технодом, Мечта,  «Компас» ЖЖҚБ «Новая АЗС» ЖШС, «ДИН» ЖШС, «Комфорт» ЖШС, «СТиК» ЖШС, «Казтранскарго» ЖШС, «Аримакс» ЖШС және т.б», - деп атап өтті С.Қапаев.

Сондай-ақ, жыл ішінде Департаменттің атына өнімнің ТР және НҚА талаптарына сәйкестігіне қатысты көптеген хаттар мен өтініштер келіп түседі. Мысалы, «Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар Қауымдастығы» ЗТБ өтініштері бойынша техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдары үшін салқындатқыш сұйықтықтарды айналымға шығарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 415-бабы бойынша 7 әкімшілік іс қозғалды. Айта кету керек, негізінен аккредиттелген сынақ зертханаларының нақты алынған деректерімен қаптамада көрсетілген мұздату температурасының бөлігінде сәйкессіздік анықталған. Қарау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3 248 310,5 теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды.

Уәкілетті органның қатынастарында тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттар бергені үшін 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, сондай-ақ Департаменттің Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы қозғалған материалдар негізінде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының тауардың шығу тегі туралы сертификат алу үшін сараптама актілерін беру тәртібін бұзғаны үшін тауардың шыққан елін айқындау бойынша 7 сарапшы-аудиторға жалпы сомасы – 165 402 теңге (орындалды) әкімшілік айыппұлдар салынды, 6 ай мерзімге сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын тоқтата тұрумен және заңды тұлғаға 1 ай мерзімге қызметін тоқтата тұра отырып, 91 890 теңге (орындалды) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

2022 жылдың 12 айында бақылау субъектілісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді, сондай-ақ Алматы қаласының прокуратурасымен және Алматы гарнизонының әскери прокуратурасымен жоспардан тыс және бірлескен тексерулер жүргізілді, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын сақтау мәніне барлығы 39 субъект тексерілді. Оның қорытындысы бойынша 22 жағдайда ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңын бұзушылықтар анықталды. 

Тексерілген 30047 өлшем құралдарының 717 бірлігі белгіленген тәртіппен кезекті салыстырып-тексеруден өтпеген (медициналық мекемелер, әскери бөлімдер, сауда нүктелері, әлеуметтік қорғау объектілері, халықаралық әуежай, автожанармай құю станциялары және т. б.) қолдануға жарамсыз деп танылды. Мысалы: Кейбір медициналық мекемелерде электрокардиографтар, таразылар, қан қысымын өлшейтін құралдар, ультрадыбыстық аппараттар, төсек жанындағы мониторлар, механикалық желдету аппараттары, дефибриляторлар және т. б. сияқты құралдар салыстырып-тексеру уақыты өтіп кеткеннен кейін пайдаланылды, сондай-ақ, жанармай құю станцияларында ақаулы отын тарату колонкаларын қолдану фактілері анықталды, бұл әр 20 литрге 170-тен 250 мл-ге дейін жанармай құймауға әкелді.  Тағы бір мысал, сүт өнімдерін ірі сатушының бір сауда нүктесінде тауарды белгіленген тәртіппен салыстырып-тексерілмеген таразыларда өлшеп-орау және сату фактілері анықталды, бұл тұтынушылардың өнім салмағына алдауына әкелді. Сатушыға 1600 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, бұл 4 900 000 теңгені құрайды.

Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 419-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, 6 заңды және жеке тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды. Осы 6 лауазымды тұлғалар қысқартылған түрде айыппұл сомасының 50% -  жалпы сомасы 6 048 225 теңге төледі. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар мен ұсынымдар берілді. Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою туралы растайтын материалдарды ұсына отырып, бұзушылықтар толық көлемде жойылды.