Алматыда жұма күні жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал

Алматыда жұма күні жаңбыр  мен бұршақ жаууы ықтимал
Сурет: Qazaqstan.tv

Қазгидромет Алматы қаласына қатысты ескерту жариялады.

Алдағы күндері күннің қатты ысуы мен жаңбыр, найзағай және жел тұруы ықтимал, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің 26 шілдедегі дауылды ескертуі негізінде Алматыда 27 шілде күні ауа райы 37-39 градусқа жетіп, 28 шілдеде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтілетінін хабарлайды. Осыған орай ТЖД ескерту жариялады.

«Батыс жақтан соғатын қатты жел екпіні секундына 18 -23 метрге жетеді. Қатты жел кезінде автокөлікті ағаштардың, электр желілері мен басқа да әлсіз бекітілген құрылымдардың астында қалдырмауды сұраймыз. Тауға демалуға барғанда ашық от жақпауды, тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды сұраймыз. Бір желіге бірнеше электр құрылғысын қоспаңыз. Себебі электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін.

Балаларды автокөліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз»,- деп ескертті Алматы қалалық ТЖД.