Алматыда су жаңа бокс клубы ашылды

Алматыда су жаңа бокс клубы ашылды
Сурет: Olympics.com

Бұл клубқа аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары тегін қатысып, жаттыға алады. 

Алматыда аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары тегін қатысатын бокс клубы ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Нысан басшылары болашақ спортшыларды даярлау үшін республикалық деңгейдегі спорт шеберлерін шақыртқан. Одан бөлек салтанатты шараға Данияр Елеусінов те қатысқан.  

Бокс – адамның мінезі мен еркі шыңдалатын ерлік мектебі. Оқушылар үшін басты шарт – жеңілмейтін сенім мен қажырлы еңбек. Ал бапкерлер жұдырықтасудың қыр-сырын білгісі келетін жастарға жауынгерлік дағдыларды дамытуға және техникалық тәсілдерді үйретуге дайын. Одан бөлек белгілі боксшы Данияр Елеусінов ринг заманауи стандарттарға сай болғанымен, залды қосымша жабдықтау керектігін айтады.

«Әрине, залдың тұрған орны өте керемет. Залдың ішінде де орын көп. Бірақ тек қана ринг пен груша екен. Негізі көп залдың өзіндік кемшіліктері болады», – деді Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов.