Алматыда Спорт күніне орай «Музей кубогы» ұлттық ойындар турнирі өтеді

Алматыда Спорт күніне орай «Музей кубогы» ұлттық ойындар турнирі өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

 Іс-шараға Алматы қаласының 8 ауданынан 100-ге жуық бала қатысады

23 тамыз Спорт күніне орай Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде оқушылары арасында «Музей кубогы» ұлттық ойындары бойынша қалалық спорттық турнир өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт. 

23 тамыз күні сағат 10.00–ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Спорт күніне орай Алматы қаласының мемлекеттік және жеке меншік жалпы білім беру мектептерінің, лицей және гимназия оқушылары арасында «Музей кубогы» ұлттық ойындары бойынша қалалық спорттық турнир өткізіледі. 

«Музей кубогы» спорттық турнирі Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық дене шынықтыру және спорт орталығымен бірлесіп өткізіледі. Іс-шарада «асық ату», «бес асық», «тоғызқұмалақ», «арқан тарту» сияқты ұлттық ойындар түрлері бойынша жарыстар өтеді.

Іс-шараға Алматы қаласының 8 ауданынан 100-ге жуық бала қатысады.