Салмағы алты келіден асатын алып бала дүниеге келді

Салмағы алты келіден асатын алып бала дүниеге келді
Сурет: El.kz

Нәресте №5 қалалық перзентханасында өмірге келді.

Салмағы 6 кг 300 грамм нәрестені дәрігерлер кесарь тілігін жасап алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жүкті әйел перзентханаға толғатып түсті, қабылдау кезінде ультрадыбыстық зерттеу баланың салмағы 4 кг 800 грамм екенін көрсетті. бұл ультрадыбыстық зерттеу кезінде баланың салмағы бастың бипариетальды өлшеміне және құйрық-париетальді өлшеміне байланысты есептеледі»,- деді Жаңа туған нәресте бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Кененбаева.

Айтуынша, операция сәтті өтті.

«Салмағы 6300 грамм болатын сәби - біздің перзентханада дүниеге келген ең алып бала. Босану операциялық әдіспен жүзеге асырылды. Операция сәтті өтті. Бәрі жақсы аяқталды. Ана мен оның ұлы сау. Бұл отбасындағы үшінші бала», - деп түсіндірді дәрігер.

Маман атап өткендей, төрт келіден асатын балалар үлкен болып саналады, ал 5 кг асатын нәресте алып деп аталады.

«Қазір анасы мен баласы перзентхананың медицина қызметкерлерінің тәулік бойы бақылауында және жақын арада перзентханадан шығуға дайындалып жатыр», - деді дәрігер.