«RYH - MARAFON» жалпықалалық спартакиадасы аясында шағын футболдан турнир өтті

«RYH - MARAFON» жалпықалалық спартакиадасы аясында шағын футболдан турнир  өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгін, 14 маусымда, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және Алматы қаласы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған, нашақорлықпен күрес айлығына арналған «RYH-MARAFON» ХІХ жыл сайынғы жалпықалалық спартакиадасының 2-кезеңі шағын футболдан командалық турнир өткізілді: 12-13 жас, 14-15 жас және 16-17 жас.

Спорттық іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің салтанатты орындалуымен ашылды, содан кейін турнирдің бас төрешісі жиналғандарға сөз сөйлеп, қатысушыларға турнирдің барлық ережелерін түсіндірді.

«Ойын қызу, қызықты өтті, жаттықтырушы-тәлімгерлер балаларды жігерлендірді, өз кезегін күтіп тұрған жанкүйерлер жарысқа қатысушыларды барынша қолдады», - деп түсіндірді Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры м. а. Арнаева Ж.Т.

Биылғы жылы ДО арасындағы шағын футбол турниріне 36 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

12-13 жас санатында:

III орынды "Үркер"демалыс орталығының командасы иеленді,

II орын - "Жас Өрен" ДО,

I орын - "Көкжиек City" ДО;

14-15 жас санатында:

III орын - "Белдесу" ДО,

II орын - "Көкжиек City" ДО,

I орын - "Өрнек" ДО;

16-17 жас санатында:

III орын-"Жас-Art" ДО,

II орын - "Дархан" ДО,

I орын - "Дорожник" ДО. 

Жеңімпаз командалар құрмет грамоталарымен, кубоктармен және сыйлақтармен марапатталды.

«RYH MARAFON» спартакиадасы демалыс орталықтарының жасөспірімдері мен жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, командалардың спорттық дайындығын көрсету және демалыс орталықтарының мықты спортшылары мен командаларын анықтау мақсатында жыл сайын өткізіледі.