Алматыда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған 12 адам сотталды

Алматыда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған 12 адам сотталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған 12 адам сотталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы қалалық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының мәліметінше, өткен жылы қалада полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау кезінде күш көрсетудің 21 дерегі тіркелген. Аталған эпизодтар бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді.

«12 дерек бойынша сот үкімі шығып, кінәлілер ҚР заңнамасына сәйкес лайықты жазасын алды. Ағымдағы жылдың толық емес қаңтар айында департаменттің тергеу бөлімі 3 қылмыстық іс тіркеп, күдіктілер қамауға алынды. Билік өкілдеріне күш қолданудың әрбір дерегі ерекше бақылауда. Сонымен қатар билік өкіліне қарсы, қорқыту немесе күш қолдану – қылмыстық жазаланатын әрекеттер болып саналатынын және үш жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске сала кетейік», – деді Алматы қаласы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.