Алматыда патрульдік көлік жол апатына ұшырады

Алматыда патрульдік көлік жол апатына ұшырады
Zakon.kz

Алматыда Достық пен әл-Фараби қиылысында патрульдік көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Toyota Camry 70 жүргізушісі әл-Фараби бойымен батысқа қарай Достыққа бұрылатын жол айрығымен келе жатып, Достық даңғылына бұрылмай, тік жолды жалғастырып, жол жиегіне соқтығысқан.

Ол даңғыл мен бордюрді кесіп өтіп, қалалық автобуспен соқтығысып, әрі қарай кете берген. Содан кейін көлік қайтадан жол жиегіне шығып, арнайы батальон полиция қызметкерлерінің көлігіне аударылған.

Патрульдік көлікте болған қызметкерлер, көлік жүргізуші мен оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.