Бас прокуратура полицейлер ұрып-соқты деген талдықорғандықтың өтініші бойынша қылмыстық іс қозғады

Бас прокуратура полицейлер ұрып-соқты деген талдықорғандықтың өтініші бойынша қылмыстық іс қозғады Inform.kz

ҚР Бас прокуратурасы полиция қызметкерлерінің А.Б. Батырбаевты ұрып-соғу фактісін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерімен А.Б. Батырбаевты ұрып-соғу фактісі туралы ақпарат таралуда.


Аталған тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарында ұсталғанын хабарлаймыз.


23 қаңтарында жауап алу кезінде, ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтқан.


А. Батырбаевтың бұл арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08