Алматыда мопед тұрақтағы көлікке соғылды

Алматыда мопед тұрақтағы көлікке соғылды
Сурет: Zakon.kz

17 жастағы қыз мопедті жалға алған

Алматыда орталық стадионының тұрағында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

17 жастағы қыз мопедті жалға алған. 

Тәжірибесі болмағандықтан, ол рөлге ие бола алмай, бар жылдамдығымен тұрақта тұрған Mitsubishi L200-ға келіп соғылған деген болжам бар.  

Соққының күшті болғаны соншалықты, пикапты орнынан қозғап жіберген. Соққыдан кейін қыз мопедтен ұшып түскен. Апат салдарынан ол ауыр жарақат алды.

Оқиға орнына келген "жедел жәрдем" бригадасы қызды ауыр жағдайда жақын маңдағы ауруханаға алып кетті.

Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан жол полициясының қызметкерлері алда апаттың барлық мән-жайын анықтайтын болады.