Алматыда кран құлап, құрылысшы мерт болды

Алматыда кран құлап, құрылысшы мерт болды
Сурет: Gazeta.ru

Тергеу жүріп жатыр. 

Қайтыс болған 1989 жылы туған азамат сол құрылыс учаскесінде слесарь болып істеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«26 шілде күні Алматының "Жетісу" шағынауданында құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, бір жұмысшы көз жұмды.Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайы анықталуда», - делінген ведомствоның ақпаратында.