Алдағы күндері аптап ыстықтың беті қайтады

Алдағы күндері аптап ыстықтың беті қайтады
Сурет: Bloknot-volgograd.ru

Кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазгидромет» мамандары 28-30 шілдесі күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі метеорологиялық жағдайлар нашарлай бастады. Мұның себебі, республиканың аумағын ыстық оңтүстік пен салқын солтүстікке бөлген атмосфералық шеп болды. 

«Фронтальды бөліктің біртіндеп жылжуы, елдің солтүстік жартысында, содан кейін шығысында, оңтүстік-шығысында найзағайдың болуына, желдің күшеюіне, кей жерлерде бұршақтың жауына әкелуі мүмкін. Мұның бәрі, солтүстікте күндізгі ауа температурасының төмендеуіне және елдің оңтүстік жартысында ыстықтың бәсеңдеуіне ықпал етеді», - делінген синоптиктердің болжамында. 

Күндізгі уақытта Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндіз +20 +30°С-тан +15 +25°С-қа дейін, елдің орталығында +25 +33 °С-тан +18 +27°С-қа дейін, шығыс облыстарда аптап ыстық: +25 +35°С-тан +19+29°С -қа дейін төмендейді деп күтілуде. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында болса,  +30 +39°С-тан +25 +36°С-қа дейін болады деп болжануда.