Алматыда қойма өртеніп жатыр

Алматыда қойма өртеніп жатыр
Сурет: Egemen.kz

Алматыда Түрксіб ауданы, Бекмаханов көшесі, 2/16 үй мекенжайы бойынша орналасқан жиһаз қоймасы өртеніп жатыр.

Қазір Алматы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежелі өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қойма өртке оранған. Көрші қойма үй-жайларын қорғау және өртті сөндіру үшін өрт саптамалары орнатылды, өрт гидранттарына цистерналар орнатылды. Өрт сөндіруге арналған екі аймақ құрылды. Өрттің қоймада сақталған ағашқа таралуына жол берілмеді»,  делінген департамент хабарламасында.