Алматыда қоғамдық дәретхана жобасы әзірленіп жатыр

Алматыда қоғамдық дәретхана жобасы әзірленіп жатыр
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Алматыда қоғамдық әжетханалар орнату жобасы дайындалып жатыр.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде  айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы әкімімен кездесуге келген Бостандық ауданының тұрғындары қала басшысынан әл-Фараби даңғылындағы Президент саябағына қоғамдық дәретхана орнатып беруді сұрады.

«Жаңа жоба әзірленіп жатыр. Соның аясында саябақтың ішінде дәретханалар болады. Олардың жақсы болуын да ескереміз. Өкінішке орай, жалпы, қаладағы қоғамдық дәретханалар – өз алдына бөлек мәселе. Қазір бізде қалада салынған 20 дәретхана туралы шешім қабылдадық. Жаңа басқарушы компания мұнымен қалай күресетінін көрейік»,- деді ол. Әкім өзінің орынбасарына саябаққа қанша әжетхана қажет екенін анықтауды тапсырды. «Маған 4 дәретхананы көрсетті. Дегенмен қажет болса, олардың арасындағы қашықтықты азайтып, балалар мен қарттарға қолжетімділікті арттыру үшін саябақтағы дәретхана санын көбейтуге болады деп ойлаймын»,- деді Ерболат Досаев.