Алматыда киберспорттың финалы өтеді

Алматыда киберспорттың финалы өтеді
Almaty-akshamy.kz

Алматыда 5-6 мамырда Almaty Cyber Games Students League киберспорт бойынша жарыстың финалы өтеді.

Оның жүлде қоры 3 млн теңге. Жарысқа үш пән бойынша 12 студенттік команда қатысады. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар Almaty Cyber Games International жазғы халықаралық турниріне шақыру алады.

Өтетін күні, сағаты мен орны: 5-6 мамыр, 10:00, Қазақстан-Британ техникалық университетінің Тәуелсіздік залы, Төле Би көшесі, 59.

Ақпарат үшін Телефон: Ерасыл Жеңісов, Almaty Cyber Games жобасының жетекшісі, 8 778 276 42 70.