Алматыда кезекті заңсыз жапсарлас құрылыс сүріле бастады

Алматыда кезекті заңсыз жапсарлас құрылыс сүріле бастады
Cурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Достық даңғылы, 40/1 бойында орналасқан Degirmen кафесіндегі жапсарлас құрылыстың бұзыла басталғаны туралы хабарлады.

Сот шешімімен ол заңсыз деп танылды. Тамақтану желісінің нүктесі рұқсат құжаттарынсыз салынған жапсарлас құрылыста орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өткен жылдың 19 маусымында басқарма бұзушылық фактілері бойынша ҚР ӘҚБтК 319, 322-баптарының 1-бөлігі бойынша «Ала кафе» ЖШС қатысты шаралар қабылдады.

2023 жылдың 20 шілдесінде әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қосымшаны заңсыз деп тапты, алайда жауапкер апелляциялық шағым түсірді.

Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.

Бүгін сот шешімін орындау мақсатында бұзу жұмыстары басталды.