Алматыда кезектен тыс президент сайлауына дайындық жөніндегі семинар өтеді

Алматыда кезектен тыс президент сайлауына дайындық жөніндегі семинар өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

2022 жылғы 11 қарашада сағат 10.00-де 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу мәселелері бойынша семинар өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық 85

Әлеуметтік қызмет үйінің мәжіліс залы, 5 қабат

Шараның мақсаты: Аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары жұмысының тиімділігін арттыру

Шараны ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

Спикерлер:

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Петров Константин Викторович

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұстафина Сабила Сапарқызы

Алматы қаласы әкімдігінің аппарат жетекшісі  Нұрсеитов Асат Болатұлы

Қала прокурорының аға көмекшісі - Молдажан Бауыржан Қалышұлы

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы

Қатысатындар: 

Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

ҚР Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды штабының өкілдері

Алматы қаласының саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері

БАҚ өкілдері