Алматыда қару-жарақ табылды

Алматыда қару-жарақ табылды

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемесінің (Тергеу изоляторы) қызметкерлері Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қару-жарақ қоймасын тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Polisia.kz ақпараты бойынша, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласы Көкқайнар шағын ауданынан табылған Сайга және МР-18 ЕМ-М тегіс ұңғылы мылтықтары, жеті патрон, көру мен естуге әсер ететін екі гранатаға сараптама тағайындалды.

Оқиға орнына Алматы қаласы Алатау ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.