Алматыда «GN SEPTET» ансамблінің шығармашылық кеші өтеді

Алматыда «GN SEPTET» ансамблінің шығармашылық кеші өтеді
Сурет: Sxodim.com

Алматыда 7 қазан күні  сағат 18:00-де «ALMATY THEATRE»  залында «Accordion Star International»,   «Euro Music Festival» халықаралық байқауларында гран-при жүлдесінің иегері Ғалымжан Нарымбетовтың «GN SEPTET» ансамблінің шығармашылық кеші өтеді.

Бағдарламада И.С.Бах, аргентиналық танго жанрының «атасы» А.Пьяцолла, француз композиторы Р.Гальяно, қазақстандық композитор А.Жайымның шығармалары орындалады. Соның ішінде Француз композиторы, атақты музыкант-орындаушы, маэстро Ришар Гальяноның «New York Tango»,  «Tango pour Claude» шығармаларын көрермен  өте жақсы қабылдап, тыңдайды.    Сондай - ақ  концертте көрермен қауым Қазақстанда бұрын-соңды дауысын естімеген сирек аспап – бандонеон мен акардина аспабының сырлы әуеніне құлақ түретін болады.

Анықтама. Ғалымжан Нарымбетов – бүкіләлемдік «Confederation Mondiale De L”Accordeon» баяншылар мен аккордеоншылар қауымдастығының мүшесі, Ақш, Италия, Франция, Бельгия, Ресей, Қазақстанда өткен халықаралық байқаулардың лауреаты. «GN SEPTET» ансамблі – классикалық шығармаларды көрерменге жоғары деңгейде жеткізіп жүрген өнер ұжымы.