Еуро-Азия өңірлік хайуанаттар мен аквариумдар қауымдастығының халықаралық жиыны өтеді

Еуро-Азия өңірлік хайуанаттар мен аквариумдар қауымдастығының халықаралық жиыны өтеді
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда 13-15 мамыр аралығында «Қазақстан» қонақ үйінде Алматы хайуанаттар бағының ұйымдастыруымен Еуро-Азия өңірлік хайуанаттар мен аквариумдар қауымдастығының халықаралық конференциясы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс-шараға Германия, Қытай, Малайзия, Түркия, Швеция, Бразилия, Әзірбайжан, БАӘ, Өзбекстан, Беларусь, Ресей, Чехия, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Словакия сынды әлемнің түрлі елінен 160 маман қатысады.

Анықтама телефоны: Ақжәми Қасымова, Алматы хайуанаттар бағында даму және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, +7 (701) 676-85-85