Алматыда екі сквер жөнделеді

Алматыда екі сквер жөнделеді
total.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Слава Аэропорта» және «№6 оқушылар үйі» скверлерін абаттандыру жұмыстары жалғасады. Сыртқы жарықтандыру желілері, жасыл аймақтарды суару жүйесі, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылып, жаяу жүргіншілер жолдары жаңарады. 

Әкім аудан тұрғындары үшін жайлы қалалық орта құру қала әкімдігінің ерекше бақылауында екенін атады. Мәселен, 2022 жылы Жарбұлақ өзенінің арнасын кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 6,7 км іргелес аумақ абаттандырылды. Сонымен қатар, былтыр «Аспан» паркінің құрылысы аяқталып, «Маяк» тоғайы абаттандырылды.