Алматыда біреудің көлігіне зақым келтірген бұзақылар жазаланды

Алматыда біреудің көлігіне зақым келтірген бұзақылар жазаланды
Сурет: Elorda.info

Өзгенің көлігін зақымдаған бұзақылар ұсталды

Алматыда бөтен біреудің көлігіне зақым келтірген бұзақылар жазаланды. Оқиға «Ақсай – 3» шағынауданында болған. Көп ұзатпай, Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Екі жігіттің бірі Түркістан облысының, екіншісі Жамбыл облысының тумасы екені анықталды. Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен бұзақылар 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.