Алматыда бұрын істі болған ер адам қарт әйелді тонап кетті

Алматыда бұрын істі болған ер адам қарт әйелді тонап кетті
Сурет: Inform.kz

Алматыда ер адам 75 жастағы әжейді тонап кетті. 

33 жастағы Ж. есімді азамат қарт әжеге шабуыл жасап, оның жеке мүлкін иемденіп алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қаскөй әжені кіре берісте қарауылдаған. Пәтердің дәл кіреберісінде оған шабуыл жасап, күш көрсетемін деп қорқытып, ұялы телефонын, жинақ ақшасын және алтын бұйымдарын иемденген. Жедел іс-шаралар барысында күдікті анықталды және ұсталды. Ол қамауға алынды. Өз кінәсін мойындады. Шабуыл жасаушының қылмыстық әрекетінің сериялық сипаты болуы мүмкіндігін жоққа шығармаймыз, сондықтан қазір оның жеке басы басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.