Алматыда бүлікке қатысты деген күдікпен 2402 адам ұсталды

Алматыда бүлікке қатысты деген күдікпен 2402 адам ұсталды
Cурет: Ашық дереккөз

79 бірлік атыс қаруы мен 3976 оқ-дәрі тәркіленді

Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы бері 2402 адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2402 қатысушысы ұсталды. 79 бірлік атыс қаруы мен 3976 оқ-дәрі тәркіленді.

«Өткен тәуілікте «102» пультіне 586 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 93 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді»,- дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.