Алматыда бірыңғай бейнемониторинг жүйесі құрылды

Алматыда бірыңғай бейнемониторинг жүйесі құрылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда бірыңғай бейнемониторинг жүйесі толыққанды енгізілді. Бүгінгі таңда 18,4 мың бейнекамера шығарылды. Жыл соңына дейін мемлекеттік мектептер мен балабақшаларда Қауіпсіздіктің кешенді жүйесі аясында қосымша 21 мың бейнекамера шығару жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Сергек" зияткерлік қауіпсіздік жүйесі 575 аппараттық-бағдарламалық кешенге кеңейтілді.
 
Маңызды нәтиже ЖКО санының 28%-ға және ЖКО-да қаза тапқандар санының 48%-ға төмендеуі болып табылады. Бұл ретте айыппұл түрінде қала бюджетіне 8,8 млрд. теңге түсті.