Алматыда балалардың жазғы лагеріне бюджеттен 270 млн теңге қарастырылуда

Алматыда балалардың жазғы лагеріне бюджеттен 270 млн теңге қарастырылуда
Сурет: Bilimdinews.kz

Балаларды қамту жасы - 7-13 жас.

Мектеп жанындағы жазғы лагерь екі бағытта қабылдайды: тамақпен толық күн және тамақсыз жарты күн. Екеуі де тегін. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Спикердің сөзінше, мектеп жанындағы лагерь оқушыларды 1 маусымнан бастап қабылдайды. Балаларды қамту жасы - 7-13 жас. 

«Жоспар бойынша, мектеп жанындағы лагермен 26 мың бала қамтылады. Ол екі бағытта жүзеге асады: тамақпен толық күн және тамақсыз жарты күн. Барлық оқушы үшін екеуі де тегін», - деді Қайрат Жұманов. 

Сонымен қатар ол балаларға арналған қалалық және қала сыртындағы жазғы лагерьлер туралы айтты. 

«Қала сыртындағы жазғы демалыс бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ коммерциялық негізде ұйымдастырылады. Сауықтыру демалысы, ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал санатындағы балалармен қамтылатын болады: көп балалы, аз қамтылған отбасылардағы, ерекше білім беруді қажет ететін балалар. Ол үшін бюджеттен 270 млн теңге қарастырып отыр. Бүгінгі күні конкурс жарияланды. Жалпы, 33 мыңнан астам баланы қамту көзделген», - деді спикер. 

Бұдан бөлек жазғы демалыс кезінде білім беру ұйымдарында барлығы 1200-ге жуық үйірме мен секция жұмыс істейтін болады.