Алматыда «Айт Фест» өтпейді

Алматыда «Айт Фест» өтпейді
Сурет: Bizmedia.kz

Әлеуметтік желілерде жарияланған 2023 жылы 28 маусымда "МЕДЕУ" биік таулы спорт кешенінде "Айт Фест" өтеді деген ақпаратқа қатысты  мемлекеттік жарғылық капиталға 100 пайыз қатысушы болып табылатын Алматы қаласының спорт басқармасы, әрі қарай (Дирекция),  (құрылтайшысы - "Алматы қаласының спорт басқармасы" КММ) мынаны хабарлайды, БҰЛ АҚПАРАТ ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙДІ.

"Айт Фест" фестивалін ұйымдастырушы мен Дирекция арасында фестивальді өткізу туралы келіссөздер жүргізілген жоқ және тиісті келісім жасалмады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұдан басқа, 2023 жылдың 27 маусымы мен 29 маусымы аралығында "Медеу"  биік таулы спорт кешенінде спорт фестивалін өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, "Азия дауысы" халықаралық музыка фестивалін "Медеу" биік таулы спорт кешенінде өткізу жоспарланғандықтан  29 маусымнан бастап монтаждау жұмыстары мен декорацияларды ресімдеу жүргізіледі, демек мұнда өзге де іс-шараларды өткізу мүмкін емес.

Дирекция жоғарыда айтылған жалған ақпаратты тарату қала тұрғындарын адастырып, объектілердің жұмысына қолайсыздықтар туғызатынына назар аударады. Егер шындыққа жанаспайтын осындай жалған ақпараттар жалғасатын болса, онда Дирекция құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетін болады.