Алматыда айыппұл төлемеген азамат ұсталды

Алматыда айыппұл төлемеген азамат ұсталды
Сурет: Polisia.kz

 Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі жалпы сомасы 1 млн 478 мың 706 теңгені құрайтын ЖҚЕ бұзған.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, ол аталған айыппұлдарды төлемеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бұл жүргізуші Абай даңғылы мен Манас көшелерінің қиылысында әкімшілік айыппұлдары төленбеген көлік құралдарын басқаратын жүргізушілерді анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шара аясында ұсталды. Ақпараттық базадан белгілі болғандай, жүргізуші жылдамдықты бұзып, қоғамдық көлік жолағына шығып, жол белгілері мен таңбалау талаптарын бұзған. Қажетті құжаттар толтырылған соң көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Сонымен қатар қала полицейлері азаматтарға әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеуді ұсынып отыр. Ал, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамада мәселелер туындамаудың ең жақсы жолы – жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау.