Алматыда асфальт опырылып, жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

Алматыда асфальт опырылып, жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті
Сурет: Inform.kz

Жол жабынын жөндеу қажет. 

 Алматының Түрксіб ауданында асфальт опырылып, Камаз шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Түрксіб ауданы, «Маяк» ықшамауданы, Топчиев көшесінде асфальт опырылып жатыр. Шұңқыр күн сайын үлкейіп барады. Қазірдің өзінде терең», - деп жазды желі қолданушысы. Түрксіб ауданының әкімдігінің мәліметінше, Топчиев көшесінде асфальттағы шұңқырды жабу жұмыстары жүргізілуде.

«Көктемде асфальт жамылғысы қалпына келтіріледі. Сондай-ақ «Маяк» шағынауданында екінші тоқсанда сумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Осыдан кейін жол жабыны толығымен жөнделеді», - деп жауап берді аудан әкімдігінің өкілдері.