Партиялар пікірсайысы қашан өтеді?

Партиялар пікірсайысы қашан өтеді? Сурет: ашық дереккөз

19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауы алдында саяси партиялардың пікірсайысы күні белгіленді. 16 наурызда саяси партиялардың сайлауалды дебаты өтеді.


Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды, деп жазады Аlmaty-akshamy.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.



«ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысатын саяси партиялардың дебатын ұйымдастырады. Осы орайда Орталық сайлау комиссиясы өз құзыретіне сәйкес, пікірсайысты өткізу ережелері мен қағидатын бекітті. Қабылданған шешім бойынша саяси партиялардың пікірсайысын өткізу 2023 жылғы 16 наурызға белгіленді», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.



Телевизиялық пікірсайыс «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.



«Теледебат өткізу бойынша қаулы бір ауыздан қабылданды. Осы қаулы Мәжіліс сайлауына қатысатын сайлауалды штабтарының назарына жеткізілсін. Орталық сайлау аппараты «Хабар» агенттігімен сайлауалды пікірсайыс өткізу туралы шарт жасассын», - деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32