Алматыда артқа қарай жүрген нөмірсіз көліктің иелеріне айыппұл салынды

Алматыда артқа қарай жүрген нөмірсіз көліктің иелеріне айыппұл салынды
Сурет: Egemen.kz

Алматы жолдарында заңсыздыққа жол берген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу деректері әлеуметтік желілерден белгілі болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбадан Абай даңғылымен кетіп бара жатқан мемлекеттік нөмірі жоқ үш жеңіл көліктің жол ережесін бұзғанын анық көруге болады. Оның біреуі артқа қарай жүрді.

«Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізушілерді анықтап, оларды Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқықбұзушылықтар туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартты», - деп хабарлады ведомстводан.